Жасырын эпидемия

Жасырын эпидемия

Құрметті  Достар, 10-жылдан астам тарихы бар, Қазақстандағы фитнес-индустрия  нарығындағы ең үлкен компанияның қызметкерлері ретінде, біздің еліміздегі  халық арасындағы остеопороз мәселесіне Сіздердің  назарларыңызды  аударғымыз келеді. 10 000 адамнан аса жаттығатын, клубтардың ең үлкен желісінің операторы ретінде, біздің борышымыз ретінде  жазық жерде көктайғақ кезінде қарапайым құлап қалудан, биік емес баспалдақтан немесе футбол добының соққысынан болған сүйек сынулардың қайғылы және өте қорқынышты статистикасының куәгері болып табылатынымызды хабарлағымыз келеді. Сүйек сынықтары санының тұрақты өсуін бақылай отырып, біз біздің Балалар Клубының барлық желілері бойынша балалар арасында қатысушыларды–олардың жас көрсеткіштерін сүйек ұлпасының тығыздық деңгейіне сәйкестілігіне жеке меншік зерттеу өткізуді жөн көрдік. Тексеруде 6-жастан 16-жасқа дейінгі 215 бала қатысты, тексеру 2014-жылдың наурыз-сәуір айлары кезінде барлық тілек білдірушілер үшін тегін жүргізілді, тексеру біздің клубтарда орнатылған ең заманауи және абсолютті қауіпсіз құрал-жабдықтар – Sonost 3000 денситометрлердің көмегімен біздің клубтардың дәрігер-педиатры Евглевская Оля мен супервайзер Новоселова Ирина өткізді.

Сізге алынған нәтижелермен танысуды ұсынамыз:        

Сүйек ұлпасы тығыздығының қалыпты деңгейі 99 балада, яғни, 46% балада байқалды.     

Балалардың 54% сүйек тығыздығының төменгі деңгейін көрсетті және осыған сәйкес сүйектер сынуының жоғары қаупі туындайды. Олардың арасында 74 ұл бала және 42 қыз бала.

Өткізілген зерттеулер нәтижелеріне сәйкес, сүйек ұлпасы тығыздығының төмендеуі ұл балаларда 8-10 жас аралығында, ұл мен қыз балаларда 6-7 жас аралығында байқалды. Тексеруге 6-дан 16-жас аралығындағы 215 бала қатысқанын еске салып өтейік.

 

Балалардың тамақтану рационы туралы өздерінің айтуы бойынша: балалардың көпшілігі аптасына бір реттен аз емес газдалған сусындарды ішеді, ал рационда (тағам мөлшерінде) қышқыл-сүт өнімдері, брокколи және теңіз өнімдерінің құрамы өте төмен  немесе мүлдем жоқ.

Құрметті Ата-аналар, Сіздерді өз назарларыңызды біздің зерттеулеріміздің фактілеріне аударуды және Сіздердің отбасы мүшелеріңіздің, әсіресе балалар үшін сүйек ұлпасы тығыздығы тексеруінен өтуге шақырамыз.

Балалардағы остеопороздың профилактикасы мен емдеу мәселелерінің жоғары өзектілігіне байланысты, Сіздердің назарларыңызға, International  Sport Med Journal 2011 деректері бойынша (профессор Heather AMcKay, Dr Ari Heinonen) сүйек ұлпасының денсаулығы саласындағы ақпаратты ұсынамыз. Екі автор да балалар ортопедиясы саласында әйгілі әлемдік сарапшылар болып танылған, төменде 7-ден 14-жасқа дейінгі балалардың ауқымды тобын зерттеуде деректер мен қорытындылар көрсетілген.

«Ересек адамның қаңқа құрылымына және оның сүйек ұлпасы сапасына әсер ететін, барлық факторлардың ішінен, мынадай, генетикалық ақпарат, дене белсенділігі, тамақтану және гормональды фон, ал әсіресе, дене белсенділігі біздің сүйектеріміздің кейінгі сау болуында (денсаулығында) шешуші рөл атқарады.      

Сонымен бірге, дене белсенділігі қалыптасып келе жатқан сүйек ұлпасына үнемі механикалық  жүктемені қамтамасыз етуі керек. Мына жайды атап өту өте мәнді, мұндай механикалық әсер ету маңызды және тиімді болатын кез – бұл, 10-12 жас, қиын-сыни кезең деп аталады, мұнда адам қаңқасы осындай ынталандырушы әсерге бейім болады.

Қызықты факт: адам эволюциясының кезеңдері бойында біздің өмір сүру  салтымыз ең әр түрлі және жиі ауыр қара жұмысты орындауды талап етті, оларды орындау қабілеттілігі тірі қалу мүмкіндіктерінде негізгі рөл атқарды. Сондықтан, әсіресе, ғалымдардың куәландыруынша, соңғы палеолитте өмір сүрген адамдардың қаңқа массасы әрқашан, барлық кейінгі ұрпақтар мен цивилизациялардан асып түсті.      

Болашақ адамның сүйек ұлпасы эмбрион өмірінің 5-7 аптасында қалыптаса бастайды. Бұлшықет талшықтарының еріксіз  жиырылуы эндоқаңқаның сіңірлерінің қалыптасуына әкеледі. Ғалымдардың айтуынша, біздің әрбір сүйегіміз механикалық бірлік ретінде қаралуы мүмкін, ол сүйек жүктеуші және әсер етуші қоршаған ортаға әсер береді. Сүйек жүктеменің өзгерістеріне бейімделеді, ол өз қасиеттерін – массасын, өлшемін, формасын өзгертеді, сүйектің кортикальды қабаты жуандайды, оның кеуек заттегі тығыздалады.

Заманау и медицинаның санауынша, сүйек ұлпасын дамыту мен нығайту тұрғысынан, фитнес-режимнің ең тиімдісі – бұл, механикалық және динамикалық  әсер етудің көптеген саны және әртүрлілігі бар жаттықтырулар. Сонымен, қарқынды және жиі секірулері бар, салмақпен жұмыс (мысалы, волейбол, баскетбол, гимнастика, тренажерлер, үлкен теннис) барлық жаттықтырулар, сондай-ақ, кез келген қарқынды жаттығулар ең жақсы жолмен өсіп келе жатқан қаңқаға жақсы ынталандыруды қамтамасыз етеді. Назар аударыңыз, ғалымдар мен дәрігерлер механикалық жүктеме астарында қарқынды (high-impact) жүктемесін білдіріп отыр, оның мақсаты сүйектерді нығайту болып табылады. Сонымен бірге, мынаны түсінген жөн, адамда бар остеопорозда мұндай жүктемелерге жол беруге болмайды.   

Балалық  және  жасөспірім  шақ кезеңдегі  осындай жаттығулар ең тиімді болуы үшін мінсіз жас қандай?

Бұл тұрғыдан, сүйек ұлпасы жүктеме арқасында белсенді әсер ету мен өзгерістерге бейім балалық шақ пен 10-14 жас аралығындағы жасөспірім шақ. Біздің өмірімізде енді ешқашан сүйектеріміз стимуляцияға сонша бейім болмайды, сондықтан егер ата-аналар сөздің тура мағынасында өз баласына мықты денсаулық пен мықты сүйектер сөзін қамтамасыз еткісі келсе, бұл жасты өткізіп алмау және жақсы дене жүктемесін беруі керек. Қыздарда бұл жас одан қысқарақ – менархе жасына дейін.  

Кәріліктегі  остеопороздың профилактикасы балалық шақтан басталады

Құрметті ата-аналар, біздің балалар клубы  жаттықтыруларының кестесіне Fidelity Fitness Clubs клубтарының әрбіреуіне назар аударыңыздар: Сіз бізбен, Сіздің балаларыңыз үшін, тез және ыңғайлы түрде тиімді әрі әр түрлі фитнес-режимді ұйымдастыра аласыз. Өз балаларыңызды тәрбиелеуде ғылыми ақпараттаныңыз. 

Ересектер назарына: Біздің дәрігерлерімізден сүйек ұлпасы сапасын тексерудің бірегей мүмкіндігі – сенімді, қауіпсіз, ыңғайлы! Толық ақпаратты өздеріңіздің координаторларыңыздан және клубтар рецепциясынан сұраңыздар.

Біздің клубтар балалардың да, ересектердің де сүйек ұлпасы сапасын тексеруге мүмкіндік береді. Егер Сіздердің балаларыңыз аз қозғалатын өмір салтын ұстанса және Сіз олардың тамақтану рационының сапасын жеткіліксіз бақыласаңыз, онда, сүйек ұлпасының сапасы тиісті жас үшін бар қалыпты нормадан төмен болуы әбден мүмкін.  Балалар тесттен 10-жастан бастап өте алады.

Құрметпен және мықты денсаулық тілеумен,

Жанна Субханбердина – Fidelity Fitness Clubs негізін қалаушы

Лола Малахова - Fidelity Fitness Clubs фитнес директоры  

Евгений Келлер - Fidelity Fitness Clubs бас дәрігері

Сондай-ақ, біздің клубтар желісінің балалар спорты мен фитнесі командасының бүкіл нұсқаушылары мен  дәрігерлері.