15 клуб картасының ұтыс ойыны!

Қымбатты достар, клубтарымыздың мүшелері мен қонақтары, қымбатты Фиделитиліктер! Бүгін біздің Fidelity Fit&Well клубтарына 15 жыл толғандығын қуана хабарлаймыз! Дәл 15 жыл бұрын алғашқы клубымызды ашып, Қазақстандағы фитнес индустрияның негізін қалаушы көшбасшы ретіндегі сапарымызды бастаған едік.
Өз мерейтойымызда Сіздерге, бізбен бірге жаттығып, жылдан жылға бізді таңдап, біздің клубтарымызды өмірінің ажырамас бөлігіне айналдырып үлгерген, біз үшін қымбат әрі сүйікті барлық жандарға сыйлық беруді зор қуаныш санаймыз.
Біздің бүгінгі жүріп өткен жолымыз егеменді еліміздің фитнес индустрия нарығындағы ең ұзақ әрі сәтті еңбек жолы болуын мақтан етеміз және сол үшін де бақыттымыз! Бірлесе атқарған еңбегіміздің осыншама жыл қатарынан Сіз бен отбасыңыздың саулығын сақтауға септігі тигені үшін бақыттымыз! Отандық бренд қалыптастырып, осымен 15 жыл бойы әлемдік сападағы өнім ұсына алғанымыз үшін бақыттымыз!
Қуанышымызды бөлісіп, Fidelity Fit&Well клубтарының бүгінгі күннен басталатын мерекелік ұтыс ойынына қатысыңыз. 26 маусым мен 29 желтоқсан аралығында сатылатын барлық клуб карталары Full Day режиміндегі 15 әмбебап клуб картасы ұтысқа қойылған лотерея билеті болып табылады.
26 маусым мен 29 желтоқсан аралығында өзіңіз үшін не жақындарыңызға арнап кез келген Fidelity клубына бір жылдық кез келген клуб картасын сатып алыңыз. Клуб картасымен бірге Сізге супер-сыйлықтар ұтыс ойынына қатысуға мүмкіндік беретін лотерея билеті беріледі. Ұтыс ойыны 30 желтоқсан күні on-line трансляция арқылы өткізіледі. Сайтымыз бен әлеуметтік желілердегі парақшаларымыздың жаңалықтарын бақылап отырыңыздар.